Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үстіміздегі айда Екібазтұз ГРЭС-1-дің №8 энергоблогы іске қосылады

АЛМАТЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қазақмыс тобы Екібастұз ГРЭС-1-дегі  қалпына келтіру және қуаттылықты арттырудың көпжылдық инвестициялық бағдарламалар кезеңдерін қарқынмен іске асыруда.

Үстіміздегі айда Екібазтұз ГРЭС-1-дің №8 энергоблогы іске қосылады

Осы айда қуаттылығы 500 МВт болатын  №8 энергоблоктағы қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, оны іске қосу жоспарланып отыр. Оны  қалпына келтіру жұмыстарына 10 мердігер ұйымның 500-ден астам адамы қатысты. Құны 23 млрд. теңгені құрайды. Энергоблок стансының өндірістік қуатын 3000 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Біз 2020 жылға дейін жоспарланған  Қазақстан энергетикасына арналған ірі инвестициялық бағдарламаны сәл ілгерілеушілікпен жүзеге асырудамыз.  Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында №8 энергоблок электр энергиясын өндіруді бастайды. Келесі энергоблоктың іске қосылуы жыл бойына электр энергиясын өндіруді  3,1 млрд. КВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді», - дейді Қазақмыстың отын-энергетикалық кешені тобының  директоры  Николай Коробовский.

Оның айтуынша, №2 энергоблокты қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын басталды. Аталған жобаны іске асыру аясында Ресейдің «КОТЭС» ЖАҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қалпына келтіруге  61,5 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсау жоспарланып отырған №2 энергоблок 2014 жылдың соңына қарай  іске қосылмақ. Қалпына келтіру және жаңғырту бағдарламасы қазандық жабдықтарын, турбиналар мен генераторларды  ауыстыруды, жұмыс жасап тұрған қосалқы жабдықтарды қалпына келтіруді және  заманауи электофильтрлерді енгізуді қамтиды.