Үстіміздегі жылы Астанада сыбайлас жемқорлыққа қатысты 142 қылмыс тіркелді - қала прокурорының орынбасары

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылдың өткен тоғыз айында Астана қаласының соттарында 57 тұлғаға қатысты 43 қылмыстық іс қаралды, оның 43 бойынша жазалау үкімі шықты. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының «Жемқорлыққа қарсы қозғалысқа - халықтық қолдау!» ұранымен өткен жемқорлыққа қарсы форумында елорда прокурорының орынбасары Мұрат Мұхамбетқазы мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап көрсеткеніндей, үстіміздегі жылы астаналық прокуратура жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына мемлекеттік органдар мен мекемелерге 12 тексеріс жүргізген. Прокурорлық әрекет ету шаралардың нәтижесінде 22 лауазымды тұлға жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.

Сондай-ақ оның айтуынша, соңғы бірнеше жылдың ішінде анықталған жемқорлық фактілердің саны 30 пайызға артқан. «Үстіміздегі жылы қылмыстық іздестіру органдары сыбайлас жемқорлыққа қатысты 142 қылмысты тіркеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш - 97 болды.

Соңғы жаңалықтар