Үстірт қорығында қабылан фототұзаққа ілікті
АСТАНА. KAZINFORM — Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында аса сирек кездесетін қабылан фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.
— Жыртқыштың наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түскені анықталды. Қазіргі таңда қорық қызметкерлері қабыланның қозғалысын бақылауды жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.
Бұған дейін сирек кездесетін құстың балапандарын тамақтандыру сәті фототұзаққа түсіп қалғанын жазғанбыз.