Утиль алымына қарсы петицияны қарайтын жиынға белсенділерді телефонмен кіргізбей қойған

утильсбор
Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін утиль алымы туралы петицияны қарайтын жұмыс тобының отырысы өтуге тиіс еді. Оның неге кейінге қалғанын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі түсіндірді.  

Бұл жұмыс тобының құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Сонымен қатар, жұмыс тобының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының, өнеркәсіп саласының өкілдері, сондай-ақ утиль алымын жоюды жақтаушылар С. Боқаев, Е.Кулбасов, Д. Макешов, Д. Салыков және басқа да азаматтар қосылды.

Министрлік барлық мүдделі тараптарды шақырып, жұмыс тобының отырысын өткізу үшін қажетті ұйымдастырылған шараларды әзірлеп, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасын қамтамасыз етті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимараты — стратегиялық нысанның бару регламентінде келушілер ұялы телефондарын өзімен бірге ала алмайтыны және оны кіре берісте қалдыруы көзделгенін айта кеткен жөн.

Алайда, өтініштің бастамашысы С. Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты.

Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне байланысты емес себептермен отырысты тоқтатуға тура келді.

«Отырысқа қатысу үшін Парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді. Алайда, біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартып, министрліктің оған жұмыс тобының отырысы аяқталғаннан кейін бейнежазбаны ұсынуына келіспеді», ― деді ӨҚМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік алдағы уақытта конструктивті диалог күтетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар