ҰТО тест сұрағында «Алматыдағы сыра зауыты қашан ашылды?» деген сауал келді деп өтірік айтқан қыздан кешірім сұрауды талап етпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығы тест сұрағында «Алматыдағы сыра зауыты қашан ашылды?» деген сауал келді деп өтірік айтқан қыздан кешірім сұрауды талап етпек. Бұл туралы бүгін «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры Қали Әбдиев мәлім етті.
None
None

«Өкінішке орай Айнұр деген қыз айтыпты. Оның тест нұсқасын қазір сіздерге көрсете аламын. Онда ондай сұрақ жоқ. Болған емес. Неге олай айтқанын түсінбей отырмын. Ата-аналар дайындық барысында көрдік дейді. Ол болуы мүмкін. Өйткені алдыңғы жылы мұндай сұрақ болған еді», - деді Қ.Әбдиев БАҚ өкілдерінің ҰБТ-дағы «Алматыдағы сыра зауыты қашан ашылды?» деген сауалдың орынды-орынсыздығына қатысты сауалына.

Оның атап өтуінше, апелляциялық комиссия бұл сауалдың ҰБТ-да орынды қойылғандығын мәлім етіп отыр.

«Себебі Қазақстан тарихы пәнінде Верный қаласының дамуы жөнінде, ондағы кәсіпорындардың ашылуы, соның нәтижесінде эконмикасының көтерілгендігі туралы арнайы тақырыптар бар. Оның ішінде Верный қаласында 19 ғасырдың 2-ші жартысында екі бірінші ашылған кәсіпорын - Сыра зауыты туралы да бар. Сыра деген ұятты сөз емес қой», - деді Қ.Әбдиев.

«Біз қазір Айнұр деген қыздан кешірім сұрауды талап етеміз. Болмаса, ары қарай түсіндіріп көруге тырысамыз. Телеарнада неге олай айтқаны түсініксіз», - деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар