Ұялы байланыс операторы өз тұтынушыларына жаңа қызмет түрін ұсынды

  АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жанна Шамова/ - Beeline дыбыстық файлы бар   «InfoTone» қызметін қолданысқа енгізді,
None
None

    деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

        «Біздің қызметіміз  клиент-компанияларымыздың бизнесін қолдауға бағытталған. Ол тауарлар мен қызметтерді тиімді сатуға, жарнамаға кететін шығындарды біршама қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл қызметке ірі компаниялармен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері де қосыла алады»,   дейді «КаР-Тел» ЖШС маркетинг жөніндегі директоры Айнұр Әбжанова. Оның айтуынша, ұсынылып отырған жаңа қызметтің басқаруы мен интерфейсі барша  Beeline абоненттері  ұсынылатын «FunTone» қызметіне ұқсайды.  Оны   байланыстың бейстандартты арналарын пайдалана алатын маркетинг, жарнама және сату салаларында қызмет ететін абоненттер пайдаланатын   болады.  Онда компаниялардың жаңа тауарлары  мен қызмет түрлері, акциялар мен жеңілдіктер  туралы    ақпарат беріледі.  Бұл қызмет   алғашқы айда  тегін көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар