Ұялы байланыс операторының абоненттері ТМД аумағында бір-біріне қалта телефондарынан ақша аудара алатын болды

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Мәскеуде "ВымпелКом» ААҚ компаниялар тобы «МОБИ.Деньги» қызметінің жаңа мүмкіндіктерінің арқасында трансшекті төлемдер арналарының кеңейгенін хабарлады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚаРТел» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді Ресейдегі «Билайн» абоненттері өз қалта телефондарынан ТМД елдері мен Грузиядан бір-бірінің жеке шоттарына қаражат аудара алады. Олар өз телефондарынан 3116 қысқа нөміріне қаражат қабылдайтын адамның телефон нөмірі мен операция сомасы жазылған SMS-пәрменді жіберсе немесе www.money.beeline.ru* сайтындағы сәйкес форманы толтырса жеткілікті. Қабылдаушы-абоненттің жеке шотына операцияны рәсімдеу кезіндегі көрсеткен қаражат аударылады. Операцияның қосымша төлемі қаражат аударушыдан алынады. Онда 1000 рубльден 15000 рубльге дейінгі қаражатты тұрақты түрде аударып тұруға мүмкіндік беріледі.

«Билайнды» пайдаланушылар саны тұрақты өсуде. Олар бір-бірімен жиі хабарласады және көмектеседі. Мәселен, соңғы жарты жылда ай сайынғы шетелге аударылатын қаражат көлемі 68 пайызға өсті. Трансшекті арналардың кеңейгеніне қарай біздің клиенттеріміз ТМД елдеріндегі «Билайн» абоненттеріне өз үйлерінен шықпай-ақ, жай ғана SMS жіберіп, қаражат аудара алады», - дейді «ВымпелКом» ААҚ-ның ТМД-дағы жалпы нарықтық сауда бастығы Дмитрий Григорьев. Оның айтуынша, бұл жоба «МОБИ.Деньги» ЖАҚ мен «Интеркоопбанк» (ААҚ) АКБ-ның серіктестігімен жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар