18:33, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Ұялы телефонда ойналатын ең танымал әуендердің рейтингтері анықталды
АЛМАТЫ. Наурыздың 2-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – «Кар-Тел» ЖШС компаниясы («ВымпелКом» ААҚ еншілес компаниясы, Қазақсанда Beeline бренді аясында ұялы байланыс қызметін көрсетеді) FunTone қызметінің ең танымал әуендерін анықтады.
Бұл рейтинг 2008 жылдың қорытындысы бойынша шығарылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат, компанияның жұртшылықпен байланыс қызметіне сілтеме жасап.Солардың ішінде отандық шоу-бизнес өкілдерінен «ВИА Негры» тобының «Айтарым жоқ», «Rin'Go» тобының «Ғашықпын», Ділназ Ахмадиеваның «Золотой», «Жігіттер» тобының «Арман-ай» әндері үздік жиырмалыққа кірді.FunTone қызметі 2007 жылдың қыркүйек айында іске қосылған болатын. Осы арқылы қоңырау шалушы абонент үшін стандартты қосылу дыбысын танымал әуенге, әзілдерге ауыстыру мүмкіндігі туды. 2009 жылдың ақпан айына дейін FunTone қызметіне 600 мың Beeline абоненті қосылған. Стандартты қоңырау орнына қойылатын әуендердің қоры 2000 композицияны құрайды.«FunTone Beeline байланысындағы ең танымал қосымша қызметтердің біріне айналды. Бұған бірнеше себеп бар: біріншіден, оның қол жетімдігі телефон үлгісіне байланысты емес және арнайы баптауды қажет етпейді, екіншіден, қызметті қолдану аясы өте қарапайым. Осы қызмет арқылы абоненттер арасында танымалдылыққа ие болған үздік 20 әуеннің ішінде Ресей, Қазақстан және әлемдік деңгейдегі әндер бар», - дейді Beeline-нің қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин.