07:59, 17 Маусым 2010 | GMT +5
Ұялы телефондар 50 есе қауіпті болып шықты
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Ғалымдар ұялы телефонның зияндығы туралы естен танарлық шешім шығарды.

Алдында жүргізілген сараптамалар ұялы телефонның адам бойында ісік ауруын тудыруы мүмкін деген қауіпті төмендетіп көрсеткен. Алайда шын мәнінде бұл көрсеткіш бұрын айтылып жүргендей 10 пайыз емес, 500 пайызды құрайды, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Жаңа мәліметтерді тексеріп жүрген маман Ллойд Морган алдағы уақытта ұялы телефонның таратылу мәдениеті өзгермесе, адамзатқа ми ісігі ауруының қаупі төніп тұрғандығын ескертті.