Үйлену тойына барған 51 адам, оның ішінде 14 бала ауруханадан бір-ақ шықты

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шет ауданында 17 маусым күні сағат 22.00-де алдын ала «тамақтан улану» диагонозымен 25 адам, оның ішінде 5 бала  Ақсу-Аюлы кентінің орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Үйлену тойына барған 51 адам, оның ішінде 14 бала ауруханадан бір-ақ шықты

Сонымен қатар 17 адам, оның ішінде 4 бала Ағадыр кентінің орталық аудандық ауруханасына, 9 адам, оның ішінде 5 бала Қарағанды қаласының жұқпалы аурулар аурханасына жеткізілді. Олардың барлығы 16 маусымда «Зарина» дәмханасында үйлену тойында болған. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, бас-аяғы 51 адам, оның ішінде 14 бала ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр.