17:12, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Үйлену тойында қонақтар бірін-бірі атып, 20 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігінде той 20 адамның өлімімен, тағы 10 адамның жарақат алуымен аяқталды.
Қайғылы оқиға Баглан провинциясындағы Дехсалах (Кабул қаласынан 160 шақырым жерде) елді мекенінде орын алды, деп хабарлады РИА Новости.
Полицияның мәлім етуінше, той барысында жанжал туындап, соңы атысқа ұласқан. Құрбандар - азаматтық тұлғалар мен ер адамдар.
Оқиға орнына елдің қауіпсіздік органдарының жасағы жетті. Олар келеңсіз жағдайдың себептерін анықтайды,