13:23, 03 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Үйлерінен қашып кеткен қарағандылық ғашық жасөспірімдер табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамыз күні үйлерінен қашып кеткен Қарағанды облысының Абай кентінде тұратын - 13 жасар Анастасия Курчатова мен 17 жастағы Александр Гольцов табылды, деп хабарлайды nv.kz .

«Еріктілер, полиция мен Настьяның ата-анасы балаларды күндіз-түні іздеді. Олар бүгінгі түнді Пикет кентінде өткізді. Азық-түліктің, бензиннің болмауы мен қиын жағдайға қарамастан, балаларды тапты», - деп хабарлайды басылым.
Ғашық жасөспірімдер ата-анасы кедергі болған үйден қашып кеткен. Қыздың туыстарының айтуынша, Намтя ол жігітпен небәрі үш апта бұрын танысқан.