Үздік оқитындардың саны азайып келеді ? ҚР Білім және ғылым министрлігі

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде елімізде үздік оқитындардың саны азайып келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің сөзіне қарағанда, өткен жылы 4-ші сыныптағы оқушылардың 17 пайызы жақсы білімдерімен ерекшеленсе, негізгі сыныптарда - 5 пайыз және жоғары сыныптардағы оқушылардың 2 пайызы ғана оқуда үздік екендіктерін көрсетті. Бірыңғай ұлттық тестілеуден кейін «Алтын белгі» дәрежесін шәкірттердің тек 36 пайызы ғана дәлелдеді. «Білім берудің төменгі көрсеткіші материалдық-техникалық жағынан аз қамтылған және балаларға ас беру іс-шаралары қарастырылмаған білім ошақтарында тіркелген. Сондай-ақ қалыптасқан проблеманың негізгі себебі ? жергілікті жерлердегі басқару тетіктерінің дұрыс жолға қойылмауы», - деді Ж.Түймебаев.
Соңғы жаңалықтар