10:43, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Үздік студенттерге Павлодар облысы әкімінің стипендиясы берілді
ПАВЛОДАР. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен наурыздың 1-інен бастап үздік оқитын ақылы негізде білім алып жатқан студенттерге әкімнің стипендиясы төленбек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекованың айтуынша оның мөлшері жоғары оқу орындарының студенттері үшін бес мың, ал колледждер оқушылары үшін - 3,3 мың теңгені құрайды.Оқу жылының алғашқы жартысының қорытындысы бойынша, аймақтың жоғары оқу орындарында 143 студент, ал колледждерде ? 47 адам үздіктер қатарынан көрінген. Облыс бюджетінен әкімнің стипендиясын төлеуге 10 млн. теңге бөлінді.