08:10, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының бас хатшысының орынбасары Бішкекке ұшып кетті
МӘСКЕУ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қалыптасқан жағдайды өз орнында зерделеу үшін сәуірдің 8-і күні Бішкекке ұшып кетті, деп хабарлайды ұйым хатшылығының баспасөз қызметінен.
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының хатшылығы Қырғыз Республикасында қалыптасып отырған жағдайды жіті қадағалап отыр. Жағдайды өз орнында зерделеу үшін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков Бішкекке ұшып шықты. Ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне баян ету үшін хабарлама дайындайды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.