15:42, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ұжымдық жедел ден қою күштерін құруға қатысты келісім заңмен бекітілмек
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық жедел ден қою күштері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында талқылануға дайын.

Осы Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті осындай қорытынды шығарып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған келісімге 2009 жылғы маусымның 14-інде Мәскеу қаласында қол қойылған. Бұл Келісімнің мақсаты - коалициялық Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің Ұжымдық жедел ден қою күштерін құру.
Ұжымдық жедел ден қою күштері (ҰЖДК) құрамына ішкі істер, қауіпсіздік органдарының және арнайы қызметтердің, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі органдардың бөлімшелері енеді.
Келісімді ратификациялау ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге ықпал ететін болады.