Вьетнам орманында 40 жыл өмір сүрген әке мен ұл өркениетке оралды (ФОТО)
Қазір олар жабайы табиғат өмірінен заманауи өмірге бейімделу үстінде. Ең алғаш қашқындарды туысы іздеп тапқан және оларды өркениетке қайтаруға тырысқан. Әке мен ұл ұзақ уақыт бойы елге оралудан үзілді-кесілді бас тартқан, алайда 80 жасқа келген ер адамға медициналық көмек қажет болған. Сол себепті, екеуі де жақын маңдағы ауылға көшуге келісім берген.
«Тарзандармен» тілдесу мүмкіндігі туғанда, олар өздері туралы, ормандағы өмірі туралы баяндап берді. Олардың үлкені - Хо Ван Тхань шетелдік басқыншылардан тәуелсіз болу үшін коммунистер жағында күрескен. Бірақ, 1972 жылы АҚШ әскери әуе күштерінің алапат бомбалауына тап келіп, кішкентай ұлы Хо Ван Лангты алып орманға қашқан. Ауылдары толық күйреп, барлық туыстары қаза тапқандықтан, әке мен ұл американдық әуе нысанасына жиі айналатын елді мекендерден аулақ болуды шешкен.
Қазір жасы елуге келген Хо Ван Лангтың заманауи өмірге бойы үйренді. Ол кішігірім жер теліміне егін егіп жүр және жақын арада үйленбек те ойы бар.