Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонг Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонг Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды
Фото: t.me/aqorda_resmi

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.