В.Косарев Коммунистік партияның хатшысы қызметінен кетуі себебін түсіндірді

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Мен жастарға жол бердім. Бірақ партияның Парламенттегі фракциясын басқара беремін.
None
None

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев өзінің Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық аппараты хатшысының қызметінен кетуіне қытысты бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында осылай мәлім етті.

«Бүгінде партияның батыл түрде алға басуы үшін өзгеріс жасайтын кез келді. Ол үшін біз партия Жарғысын өзгертіп, хатшылардың жасын 65-ке дейін қысқарту туралы шешім қабылдадық. Осыған байланысты мен Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық аппараты хатшысының қызметін босаттым. Былайша айтқанда, мен жастарға жол бердім», - дейді В.Косарев. Алайда ол партияның Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракциясын басқара беретіндігін жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан Коммунистік халық партиясының кезектен тыс VIII съезінде аталмыш партияның көшбасшысы В.Косаревтің хатшылық қызметі тоқтатылған болатын. Оның орнына депутат Айқын Қоңыров келді.

Соңғы жаңалықтар