В. Путин Елбасына және Қазақстан халқына көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбе қаласында террористердің зұлымдық әрекеті салдарынан қазақстандық әскери қызметшілер мен еліміздің бейбіт тұрғындарының қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Болған оқиға терроризмнің шекара талғамайтынын және әлемнің барлық елі мен бүкіл халқы үшін айқын қатер төндіретінін тағы да көрсетіп берді. Бұл зұлымдықты тек барша жаһан жұртшылығы болып күш-жігер жұмылдыру арқылы жеңуге болады. Ресей Қазақстанмен антитеррорлық бағыттағы серіктестік өзара іс-қимылды бұдан әрі де нығайтуға әзір екенін білдіргім келеді», - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Ресей Президенті қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтатынын және содырлардың қолынан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізуді өтінді.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram