Валентина Хальзова Моңғолиядағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Валентина Хальзова Моңғолиядағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Хальзова ширек финалда оңтүстіккореялық Суен Сонмен кездесіп, алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы нәтижесінің арқасында Хальзова кем дегенде қола медальға ие болды. 

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Оразбек Асылқұлов қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты тікелей жартылай финалға өтті. Ал 65 келіге дейінгі салмақтағы Ертуған Зейнуллинов финалға шығу үшін бақ сынайды. Өкінішке қарай Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) мен Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын ерте аяқтады.

Бұған дейін Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында жартылай финалға шыққанын хабарлағанбыз.