Валентина Талызина 75 жылдық мерейтойын атап өтуде
АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Театр және кино актрисасы Валентина Талызина бүгін мерейтойын атап өтуде, актриса 75 жасқа толды,
деп хабарлады РТР-Вести.Ru сайты.
Талызина 100-астам киноға түскен, олардың ішінде "Старики-разбойники", "Большая перемена", "Афоня", "Зигзаг удачи" сияқты танымал фильмдер бар. Эльдар Рязановтың «Тағдыр тәлкегі» фильмінің басты кейіпкері Надя да Валентина Талызинаның дауысымен сөйлеген. Актриса сондай-ақ, мультфильмдерді де дыбыстаған.