19:24, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Валерий Леонтьевке Комидің халық әртісі атағы берілді
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Әнші Валерий Леонтьев «Комидің халық әртісі» атағын алды. Осындай жарлыққа республиканың басшысы Владимир Торлопов кеше атақты әртістің концерті қарсаңында қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Леонтьевтің Комиде туғанын еске саламыз және осы уақытқа дейін жерлестері оны қаперлеріне алмай келген болатын. Леонтьев «ештен кеш жақсы» деп айтты. Ол туған жерінде дәл осындай рахатқа бөленіп көрмегенін мәлімдеді.