Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі таңда Испанияның Гранада қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында қазақстандық Валерий Рахымжан финалға жолдама алды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.
Нәтижесінде отандасымыз сегізінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды қытайлық Бу Шуайхан иеленді.
Екінші орын ресейлік Антон Аристарховқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Бугра Селимзаде түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды.