Валюта нарығы тұрақтанды - ҚР ҰБ төрағасы

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуір айында теңге 0,4 пайызға нығайды (жыл басынан бастап 24,8 пайызға құнсызданды) және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,64 теңге болды. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР ҰБ төрағасы Григорий Марченконың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өткен айда теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,15-151,08 теңге аралығында өзгеріп отырған. Сәуірде Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі 2009 жылғы наурызбен салыстырғанда 47,1 пайызға азайған және 2,5 миллиард АҚШ доллары болған (жыл басынан бастап ? 23,0 миллиард АҚШ доллары). Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 0,9 пайызға кеміп, 2,9 миллиард АҚШ доллары болған (жыл басынан бастап ? 23,0 миллиард АҚШ доллары).«Сәуір айында валюта нарығы нақты тұрақталды. Жалпы алғанда биржалық және банкаралық нарық бойынша біз 150 миллион АҚШ долларын сатып алдық. Яғни, осы сатып алудың өзі дұрыс бағыттағы өзгеріс болып табылады. Ең бастысы, біз валюта дәлізін дұрыс таңдадық», - дейді еліміздің бас банкирі.
Соңғы жаңалықтар