Валютаны еркін айналымға жіберу, экономиканы күшейтеді - Пьетро Сальватори

АСТАНА. ҚазАқпарат - Валютаны еркін айналымға жіберу экономиканы одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстан билігінің шешімі өте дұрыс.
None
None

Италия сарапшысы, Huffington Post басылымының саяси шолушысы осындай пікір айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Оның пайымдауынша, қазіргі мұнай бағасының төмендеп жатқаны, Ресей және Қытай валюталарының әлсіреуі әлем экономикасына қатты соққы болып тиді. Сондықтан валютаны күштеп бір бағамда ұстау кім-кімге де тиімсіз. Сарапшының пікірінше, валютаны еркін айналымға жіберу шешімі болашақта өз жемісін береді.

«Италияның қазіргі экономикалық саясаты Римде емес,Бейжіңде жасалады. Бір қарағанға сырттай айтылған әңгіме сияқты. Алайда ақиқаты осы болып отыр. Бұл әлем елдерінің экономикасы бір-біріне өте тәуелді екенін білдіреді. Сондықтан қазір барлық мемлекет өзінше оңтайлы шешім іздеуде. Бұл тұрғыда валютаны еркін айналымға жіберу экономиканы одан сайын күшейтуге мүмкіндік береді деп есептеймін»,- дейді Huffington Post басылымының саяси шолушысы Пьетро Сальватори.

Соңғы жаңалықтар