Ванкувер олимпиадасында әзірге жалпы командалық есепте Франция құрамасы көш бастап келеді
қпанның 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан ХХІ қысқы Олимпиадалық ойындарда бүгінгі күнге дейін 16 мемлекеттің спортшылары медальдар жеңіп алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әзірге бейресми жалпы командалық есепте Франция құрамасы алда келеді. Олардың еншісінде 2 алтын, 1 қола медаль бар. Екінші орында 1 алтын, 3 күміс медальмен Германия құрамасы тұр. Үшінші орында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді жеңіп алған АҚШ құрамасы келеді. Одан кейінгі орындарда Канада, (1 алтын, 1 күміс, 1 қола), Корея (1 алтын, 1 күміс), Голландия (1 алтын), Словакия (1 алтын), Чехия (1 алтын), Швейцария (1 алтын), Австралия (1 күміс), Норвегия (1 күміс), Польша (1 күміс), Италия (2 қола), Австрия (1 қола), Ресей (1 қола) және Хорватия (1 қола) құрамалары.