Ванкуверде қазақстандық Дмитрий Рейхерд фристайл бойынша ақтық жарыстарда он сегізінші орынды иеленді
АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - Ванкуверде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада қазақстандық Дмитрий Рейхерд фристайл бойынша ақтық жарыстарда он сегізінші орынды иеленді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Финалға жиырма спортшы шыққан болатын, олардың ішінде Дмитрий Рейхерд та болды. Жарыстардың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы он сегізінші орынды иеленді, ал канадалық Александр Билодье Олимпиада чемпионы атанды.