Ванкуверде қазақстандық конькиші Роман Креч 500 метр жылдамдыққа жүгіру жарысына қатысты
bsp; Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Ванкувер Олимпиадасында қазақстандық конькиші Роман Креч 500 метр жылдамдыққа жүгіру жарысына қатысып, нәтижесінде 34-ші орынды қанағат тұтты,
деп хабарлайды sports.kz сайты.
72.53 секунд нәтиже көрсеткен Роман Креч жарыс жеңімпазынан 2,71секунд кеш келді. Бұл бәсекеде жеңімпаздар тұғырына тек азиялық спортшылардың көтерілуі, 2011 жылы Қазақстанда өтетін Азиада ойындарының тартысты өтетінін көрсетіп отыр.
Атап айтқанда, Кореялық Мо Тае-Бум олимпиада чемпионы атанса, екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Нагашима Кеихиро мен Като Жожи бөлісті.