Вануату мемлекетіне таяу маңда аса қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Вануату мемлекеті  орналасқан аралдарда, Тынық  мұхитта  кеше таңертең  магнитудасы 6,2 балдық аса күшті жер сілкінісі болды.

Вануату мемлекетіне таяу маңда аса қуатты жер сілкінісі болды

 Зілзала кіндігі осы елдің астанасы Порт-Вила қаласынан солтүстік батыста шамамен  500 шақырымда, 35 шақырымдай тереңдікке орналасқан, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Қирандылар мен адам қазасы жөнінде әзірге деректер түсе қойған жоқ. Сондай-ақ цунами туралы да мәлімделмей отыр.

Бұл елдегі халық саны небәрі  250 мың адамды құрайды.