Вашингтонда Кубаның жалауы көтерілді
Салтанатты рәсімге Кубаның сыртқы істер министрі Бруно Родригес қатысты, деп хабарлады Би-би-си..
Бұдан бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің осы аралға ресми сапары кезінде Кубадағы АҚШ елшілігінің ғимаратында АҚШ жалауы көтерілетіндігі айтылған еді. Вашингтоннан хабарлағандай, Керридің Гаванаға сапары 14 тамызға жоспарланып отыр.
Екі ел арасындағы байланыс 1960 жылдың басында АҚШ-тың Кубамен дипломатиялық қатынасын үзіп, арадағы саудаға эмбарго енгізген кезінен тоқтаған. 1977 жылдан бастап АҚШ пен Кубада «Мүдделер миссиясы» аталатын дипломатиялық миссия әрекет етті. Алайда оның дипломатиялық мәртебесі болған жоқ.
2014 жылдың соңында АҚШ пен Кубаның дипломатиялық байланысы жандана бастады.
Сәуірде АҚШ президенті Кубаны терроризмді демеуші мемлекет тізімінен алып тастау шешім қабылады.
Кейіннен Куба мемлекеттік кеңесінің басшысы Рауль Кастро елдер арасындағы қалыпты өзара қатынастарды қайта жандандыру үшін президент Джон Кеннеди 1960 жылы енгізген эмбаргоны толықтай жою қажет деп мәлімдеді.