Вашингтонда ұшақ пен тікұшақтың соқтығысуынан кем дегенде 18 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Өзеннен кемінде 18 адамның денесі табылды, іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды CBS News

Столкновение самолета и вертолета в Вашингтоне: по меньшей мере 18 человек погибли
Фото: Видеодан скриншот

АҚШ астанасы Вашингтонда шағын ұшақ Потомак өзеніне құлады. Апат Ақ үй мен Капитолийден оңтүстікке қарай төрт шақырымдай жерде орналасқан Рональд Рейган әуежайының маңында болды.

CBS хабарлауынша, PSA Airlines әуе компаниясының Bombardier CRJ700 аймақтық лайнерінде 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.

Black Hawk Sikorsky H-60 тікұшағында үш әскери қызметкер болған, деп хабарлады CBS News-ке АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі.

АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) хабарлауынша, сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00 шамасында ұшақ Рейган халықаралық әуежайына жақындап келе жатқанда тікұшақпен соқтығысқан. Әуе лайнері Канзас штатының Вичита қаласынан ұшты. Тікұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Билік өкілінің хабарлауынша, сәрсенбі күні сағат 23:30–дағы жағдай бойынша құрбан болған 18 жолаушының денесі өзеннен шығарылды.

CBS қазіргі уақытта тірі қалғандар табылмағанын жазды, бірақ NBC бұған дейін Вашингтон аспанындағы ұшақ апатынан кемінде төрт адам аман қалып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады

Президент Трамп апат туралы толық ақпарат алғанын мәлімдеді. АҚШ президенті құтқарушыларға жұмысы үшін алғыс айтып, жағдайды бақылап отырғанын қосып өтті.

Соңғы жаңалықтар