Ватиканда Франциск Папаны таққа отырғызу басталды

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Ватиканда 19 наурыз күні таңертең Рим Папасы Францискіні таққа отырғызу басталды. Оқиғаны тікелей эфирден көрсетуді шетелдік телеарналар жүргізеді.
None
None

Салтанаттың басталар алдында понтифик мыңдаған қажыларға және саяхатшыларға сәлемдесіп, Әулие Петр алаңы бойынша ашық автомашинада жүріп өтті.

Алаңда қысқаша жүріп өту аяқталған соң, Франциск Әулие Петр ұстынды храмына кірді, ол жерде оны мерекелік киімдер киген кардиналдар мен католик шіркеуінің басшылары күтіп тұрды.

Соңғы жаңалықтар