Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Видеодан алынған кадр

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 18 қарашада сот шешімімен күдікті Мейіржан Төребаевтың қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, сот Шерниязовқа қатысты қаулы шығарды. Оның қамауға алу мерзімі де тағы бір айға ұзартылды.
«Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды», - деп атап өтті сот өкілдері.
Еске салайық, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді.
Айта кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар