«ВАЗ-2101» көлігіне 40 жыл толды
АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Халықтың арасында «копейка» деген атпен танылып кеткен «ВАЗ-2101» көлігі кеше, сәуірдің 19-ында мерейтойын атап өтті. Бұл модельдің алғашқы машинасы Волга автозауытының конвейерінен осыдан 40 жыл бұрын дәл осы күні шыққан.
Осынау атаулы мерейтойдың құрметіне кәіпорында ВАЗ-дың басты конвейерінің ұзындығына тең - 1433 метр қашықтыққа «ВАЗ шақырымы» атты жүгіру өтіп, оған Ресейдің түрлі қалаларынан келген 30 шақты «копейканың» иелері қатысты.
«ВАЗ 2101» моделі Волга зауытында 1970 - 1986 жылдардың аралығында шығарылды. Автомобиль Fiat 124 көлігінің негізінде жасалған, бірақ оның итальяндық модельден біршама айырмашылығы болған. Модель шығарылған аралықта барлығы 2,5 миллионнан астам «копейка» жасалып, сатылған.