Ведомствоаралық комиссия отырысында кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері қаралды - ҚР Үкіметі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
None
None

Жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рұқсат беру құжаттарын 50 пайызға дейін қысқарту туралы тапсырмасының жүзеге асуы талқыланды.

Қазіргі уақытта 708 рұқсат беру құжатының 481 өзін өзі реттейді, солардың ішінде 41 рұқсатнама халықаралық қатынас деңгейінде регламенттеледі, 52-сі рұқсат беру құжаттары реттелетін қызметтің қауіптілік дәрежелеріне байланысты беріледі. Сараптама тобының жұмыс нәтижесі бойынша, 388 рұқсатнаманың (халықаралық келісімшарттар мен рұқсат беру құжаттары реттелетін қызметтің қауіптілік дәрежелеріне байланысты берілетін түрлерін есептемегенде) 111-інен бас тартылды, 20 ескертпе ретіне көшірілді, 58-і қысқартылды. Нәтижесінде рұқсат беру құжаты 189 (49%) дейін қысқарады.

Комиссия мүшелері бизнеске әсер ететін сараптама мәселелерін, кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа талаптардың енгізілуін талқылады.

Соңғы жаңалықтар