Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

РАЙОНГ. ҚазАқпарат - Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымдық жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті.

Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісінде.

Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шықты.

Айта кетейік, былтыр осы уақытта Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.