Велоспорт: Андрей Кашечкин Бельгиядағы жарысқа қатысады
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстандық танымал велошабандоздардың бірі - Андрей Кашечкин екі жылдық дисквалификациядан кейін қайтадан жарыс жолына шығуға дайындалуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, ертең Бельгияда "Kampioenschap van Vlaanderen" веложарысы басталады. Онда ел намысын қорғайтын велоспорттан Қазақстан құрамасындағы велошабандоздардың қатарында Андрей Кашечкин, Азия және Қазақстан чемпионы Дмитрий Фофонов, жуырда «Болгария турында» екі спринтерлік кезеңді жеңген Валентин Иглинский, Дмитрий Груздев және Абылай Шұғайыпов бар.
Айта кетейік, Андрей Кашечкин 2006 жылы «Вуэльта» көпкүндігінде жалпы есепте үшінші орын алған болатын.