Велоспорт: «Астана» клубының көшбасшысы Контадор осы маусымдағы алғашқы жарысын бастайды
Оған «Тур де Фран-2009» көпкүндігінің жеңімпазы испаниялық Альберто Контадор бастаған «Астана» велоклубының өкілдері де қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Volta ao Algarve» турнирі бірнеше таулы кезеңдерден тұрады. Ал, жарыс 17 шақырымға уақытқа жарысудан аяқталады. Бұл жарыста «Астана» командасынан Альберто Контадор, Дэвид-де ла Фуэнте, Максим Гуров, Андрей Гривко, Джесус Хернандес, Дэниель Наварро, Дэниель Новаль және Сергей Ренев қатысады. Бұл «Астана» командасының көшбасшысы Контадордың биылғы маусымдағы алғашқы жарысы болмақ.
Осы турнирге біздің команданың биылғы жылғы басты қарсыласы «RadioShack» командасы да мықты құраммен қатысады. RadioShack-тің құрамында былтырғы маусымда «Астана» сапында өнер көрсеткен неміс Андреас Клёден және американдық Левай Лайфаймер бар. Былтыр «Астана» намысын қорғаған Андреас Клёден «Тур де Франс» көпкүндігінде А. Контадордың жеңіске жетуіне көмектесіп, өзі жалпы есепте 6-шы орын алған болатын.