Велоспорт: «Джиро д'Италия» көпкүндігінде А. Винокуров жалпы есепте 6-шы орын алды

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше велоспорттан «Джиро д'Италия» көпкүндігі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша «Астана» клубының капитаны қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров жалпы есепте 6-шы орын алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы, 21-ші кезеңде спортшылар сөреден жеке шығып 15 шақырымға жарысты. Бұл кезеңде А. Винокуров мәре сызығын 3-ші болып қиды. Ал, жалпы есепте Liquigas-Doimo командасының өкілі италияндық Иван Бассо бірінші орын алып, «Джиро д'Италия» көпкүндігінің жеңімпазы атанды. 2-ші орынды Caisse d'Epargne командасының өкілі испаниялық Давид Арройо, ал 3-ші орынды Liquigas-Doimo командасының тағы бір өкілі италиян Винченцо Нибали иеленді. Айта кетейік, А. Винокуров жалпы есепте жеңімпаз атанған И. Бассодан (87:44:01) 7,06 минөтке қалып қойды.

Соңғы жаңалықтар