Велоспорт: «Джиро д'Италия» көпкүндігінде А. Винокуров жалпы есепте 7-ші орында келеді

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Джиро д'Италия» көпкүндігінің сөреден жеке шығып 12,9 шақырымға жарысқан он алтыншы кезеңінде «Астана» клубының капитаны қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров сегізінші орын алды.
None
None

Жерлесіміз бірінші орын алған Acqua & Sapone командасының өкілі италиялық Стефано Гарцеллиден (уақыты: 0:41:28) 1 минут 37 секундқа қалып қойды. Сөйтіп он алтыншы кезеңнен кейін жалпы есепте 7-ші орында келеді. А. Винокуров жалпы есепте 1-ші орында тұрған Caisse d'Epargne командасының өкілі испаниялық Давид Арройодан 5 минут 12 секундқа қалып келеді. 2-ші орында Liquigas-Doimo командасының өкілі италиялық Иван Бассо (2,27), ал 3-ші орында Saxo Bank командасының өкілі австралиялық Ричи Порте (2,36) тұр.

Соңғы жаңалықтар