Велоспорт: «Джиро д'Италия» көпкүндігінің оныншы кезеңінен кейін А. Винокуров жалпы есептегі көшбасшылық орнын сақтап қалды
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Джиро д'Италия» көпкүндігінің оныншы кезеңінен кейін жалпы есептегі жағдай өзгерген жоқ.
«Астана» клубының өкілі, қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров үстіне киген қызғылт жейдесін сақтап, көш басында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
А. Винокуровтан 1 минөт 12 секунд қалып келе жатқан "Би-Эм-Си» командасының өкілі австралиялық Кейдэл Эванс екінші орында. Ал үшінші орында Liquigas-Doimo командасының намысын қорғаушы италиялық Винченцо Нибали келеді. Бүгін, он бірінші кезеңде велошабандоздар 262 шақырымға жарысады. Бұл кезеңнің 230-шы шақырымынан кейін шабандоздар өрге қарай жарысатын болады.