19:24, 11 Мамыр 2010 | GMT +5
Велоспорт: Жерлесіміз А. Винокуров «Джиро д'Италия» көпкүндігінде жалпы есепте көш бастады
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Астана» клубының өкілі, қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров «Джиро д'Италия» көпкүндігінің үшінші жарыс күнінен кейін жалпы есепте көш бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әйгілі көпкүндіктің үшінші жарыс күнінде А. Винокуров мәре сызығын 10-шы болып қиды. Сөйтіп осы жарыстағы өзінің басты қарсыластары «Би-Эм-Си» командасының өкілі Кадейл Эвансты шаң қаптырып, жалпы есепте топ басына шықты және көшбасшының сары жейдесін киді. Жалпы есепте Александрдың ізін-ала Saxo Bank командасының өкілі австралиялық Ричи Порте мен Garmin командасының намысын қорғаушы британдық Лэвид Миллар келеді. Ал үшінші кезеңде мәре сызығын бірінші болып «Куик Степ» командасының шабандозы бельгиялық Войтер Вейландт қиды.