12:08, 21 Қаңтар 2026 | GMT +5
Вена, Рим, Шанхай бағытында жаңа әуе рейстері ашылады
АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында биыл ашылатын әуе рейстері туралы мәлімет берді.
— Мемлекет басшысы мақұлдаған үш жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар басталды. Биыл жаңа халықаралық авиамаршруттарды қайта бастау және ашу жоспарда. Сондай-ақ Вена, Рим, Шанхай және тағы басқа бағыттар бойынша рейстер ашылады, — деді министр.
Оның сөзінше, авиатранзитті ұлғайту үшін авиаотынның бағасын аарзандату шаралары қолға алынып жатыр.
— Қазір «ҚазМұнайГаз-Аэро» өнімі барлық әуежайда қолжетімді, — деді ведомство басшысы.
Кешегі Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шикі мұнай экспорттап отырған Қазақстанда авиакеросиннің бағасы мұнай өндірмейтін елдерден тиімсіз болуын «абсурд» деп атаған болатын.