Вена тұрғындары велосипедке ауыса бастады
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Австриялықтарды автобустардан, трамвайлар мен автокөліктерден велосипедтерге ауыстыру идеясын өзінің сауықтыру науқанын сонау 2002 жылы бастаған «Гвиста» жекеменшік фирмасы ұсынып отыр.
Жоба жалға тегін берілетін велосипедтерге орналастырылатын жарнамалардың, сондай-ақ қала өкіметі бөлетін қаражаттың есебінен қаржыландырылуда. Өткен жылы Венада бұл қызметті 400 мыңдай адам тұтынған.
«Ситибайк» қызметін пайдалану үшін алдымен 1 еуро бастапқы жарна төлеп, арнайы терминалдың көмегімен тіркелу қажет, содан кейін арнайы құрылғыға ұялы телефонды немесе банк карточкасын тосып, шоттан кепілсома төленеді. Егер велосипедті бір сағаттың ішінде тұраққа қайтарсаңыз, кепілсома клиентке қайтарылады.