Венаның Палффи сарайында Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті

ЕНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Венаның ең әсем сарайларының бірі - Палффиде қыркүйектің 2-сінде Австриядағы ҚР Елшілігінің Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған салтанатты қабылдауы болып өтті.
None
None

Қабылдау қонақтары - жоғары лауазымды австриялық саясаткерлер, сыртқы саясат ведомствосының өкілдері, Австрияда тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері болды. Еуропалық бизнес-қауымдастықтың танымал өкілдері, меценаттар мен қоғам қайраткерлері сарайдың көркем галереясына шақырылып, Австриядағы Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған сурет көрмесін тамашалады.

Өзінің сөзінде Австриядағы ҚР Елшісі Ержан Қазыханов атап өткендей: «Тәуелсіздік пен Конституция біздің елімізге әлемдік қауымдастықта өзінің орнын табуға және барлық шетелдік әріптестермен өзара тиімді саяси-экономикалық байланыстарды дамытуға, үдемелі дамуға мүмкіндік берді. Қазіргі күні ҚР дипломатиялық миссиялары әлемнің 50 елінде жемісті жұмыс атқаруда. Осы халықаралық диалогтың дамуына біздің халқымыздың мәдени, шығармашылық және өнер туындыларының үлесі орасан. Біз ең алдымен осыларға сүйеніп, Қазақстан туралы осы жәдігерлер арқылы әңгімелейміз».

Атап өту керек, Қазақстан Елшілігінің Австрияда өткізіп жатқан мәдени шаралары арқылы австриялықтар Қазақстанның ұлттық мәдениеті, дәстүрі мен тарихынан мол мағлұмат тануға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар