Венесуэла әлемдегі ең қауіпті ел болып аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вәнесуэлада азаматтар үшін қауіптілік деңгейі әлемде ең жоғары, делінген Gallup талдау компаниясы жариялаған азаматтық қауіпсіздік индексінде, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
None
None

Univision телеарнасының атап өтуінше, индекс полицияға сенімді, азаматтардың қауіп деңгейі сезінуін және тіркелген тонаушылық әрекеттерін есепке алады. Венесуэлада респонденттердің 74 пайызы полицияға сенбейді, 19 пайызы ғана түнде көшеде жүруге қорықпайды, сауал салынғандардың 22 пайызы олардың немесе туыстарының соңғы жыл ішінде тонаушылық құрбаны болғанын хабарлады.

БҰҰ-ның есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметіне қарағанда, Венесуэла адам өлтіру жағынан бір ғана елге - 100 мың адамға шаққанда 90,4 кісі өлтіруден келетін Гондурасқа ғана жол береді. Ал Венесуэлада бұл көрсеткіш 100 мың адамға 53,7-ні құрайды, үшінші орында - Белиз мемлекеті (44,7) тұр.

Латын Америкасының ең қауіпсіз елін сарапшылар Никарагуа деп санайды, мұнда өкімет орындары тұтастай алғанда халқының өмір сапасы төмен болғанымен, қылмысты ауыздықтап отыр.

Соңғы жаңалықтар