11:51, 09 Қазан 2013 | GMT +5
Венесуэла Президенті өзіне ерекше өкілеттілік беруді сұрады
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Венесуэла жетекшісі Николас Мадуро елдің парламентінен оған арнайы өкілеттілік берілуін сұрады. Мемлекет басшысы ерекше президенттік жарлықтар шығару құқығын алғысы келеді, деп хабарлайды Associated Press.

Н.Мадуроның сөзіне қарағанда, бұл қадам жемқорлықпен күресті күшейтуге мүмкіндік береді.
«Бұл Боливариан Республикасы Венесуэла үшін өмір мен өлім мәселесі», - деп жариялады Н.Мадуро парламенттегілерге қарата айтқан сөзінде. «Егер сыбайлас жемқорлық үнемі осылай кеңейі беретін болса, онда бізде ешқандай социализм болмайды», - деді президент.
Ерекше өкілеттілікке ие болу үшін Н.Мадуроға 165 депутаттың тым болмағанда 90-ның қолдауы қажет болады.