Венесуэла валюта ауыстырудың жаңа жүйесін енгізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла үкіметі валюта ауыстырудың қазіргі жүйесін тағы өзгертеді. Боливариан Республикасының президенті Николас Мадуро елде екі алмастыру бағамы жұмыс істейтін болады деп мәлімдеді: еркін және бекітілген бағам, соңғысы - бір доллар үшін 10 боливар болмақ.
None
None

Қазіргі кезде ресми бағам бір доллар үшін 6,3 боливар, бұл 37% аз, деп хабарлады ТАСС.

Бұл қадам президент жариялаған ұлттық экономиканы дағдарыстан шығаруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Ол бензинге және азық-түлік тауарларына бағаның өсірілуін, сонда й-ақ еңбекшілердің еңбекақысын ұлғайтуды көздейді. Бірінші наурыздан бастап елдегі еңбекақы 20%-ға өседі, деп уәде етті Мадуро.

Соңғы жаңалықтар