08:16, 09 Маусым 2016 | GMT +5
Венесуэлада азық-түлік қоғамдық кеңес арқылы таратылып беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла үкіметі бірнеше тонна азық-түлік өнімі сатып алынғанын, енді ол қоғамдық кеңес арқылы қажет жандарға таратылатынын мәлімдеді, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Елдің азық-түлік министрі Родольфо Марко Каракаста өткен митингте сөйлеген сөзінде сатып алынған өнімнің 70 пайызын үлестіріп беру жоспарланып отырғанын айтты.
Венесуэладағы экономикалық дағдарыстан соңғы жылдары азық-түлік өнімдері мен қажетті тауарлардың жетіспеушілігі артып отыр.